name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

КЕМЕҢГЕР ЖАЗУШЫНЫҢ КӨРМЕСІ – №48 МЕКТЕПТЕ 25.10.2017 14:17

НҚазан айының 25 жұлдызында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі қаламыздағы №48 жалпы орта білім беретін мектепте «Абай жолы: алашты паш еткен әлемге» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды.

Көрменің мақсаты: мектеп оқушыларына заңғар жазушының өмірі туралы кеңінен мағлұмат айтып, әлемге әйгілі «Абай жолы» романын жан-жақты түсіндіру болатын.Б

Шара барысында мектеп бүлдіршіндері Абай өлеңдерін жатқа оқып, өз өнерлерлерін паш етті.

Сонымен қатар, ғұлама ғалымның өмірбаянынан сыр шерткен бейнеролик те ұстаздар мен оқушылардың көңілінен шықты.

Шара соңында, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ахметова Балғын Қайырғалиқызы Абай музейінің ғылыми қызметкерлері Н.Боранбаев, Б.Ахмерге алғыс білдірді.