name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ 09.06.2017 15:45

  DSC_00132017 жылдың 8 маусымында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келді. Құрметті қонақтарды музей директоры Б.Жүнісбекұлы қарсы алды. Б.Мамраев, З.Аманжолова, Н.Жұмаділдаева, Ф.Қаратаев, И.Клименко, С.Сәпиев, К.Мұсырман сынды белдіDSC_0018 азаматтар Абайдың шежіресі, өнегелі өмірі, ақынның өлкетану мұражайына тапсырған заттарымен танысты.

  Сонымен бірге депутаттар М.Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған «Абай жолы: алашты паш DSC_0025еткен әлемге» көрмесін, Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы Елшілігі жанындағы мәдени өкілдігінің  «Фирдоуси Абай елінде» көрмесін тамашалады.

  Соңында, құрметті қонақтар «Абай мұражайының шығармашылық ұжымына қасиетті қара шаңырақты халқымыздың игілігіне жаратып отырған еңбегі үшін алғысымызды білдіреміз және зор табыс тілейміз» деген тілекпен қолтаңбаларын қалдырды.