АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМОВКЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ 11.12.2018 15:06

 DSC_0037 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Тыныштықбек Әбдікәкімұлымен кездесу салтанаты өтті. Жиынды Абай музейінің директоры Б.Жүнісбекұлы құттықтау сөзімен ашып, ақын иығына шапанDSC_0224 жауып, ақынның жары Шағангүл Алдамжарқызына гүл шоқтарын табыс етті.

  Музей қызметкерлері Т.Әбдікәкімұлының жырларынан шашу шашып, тарих куәгері, абайтанушы Б.Исабаев ақынға ақ жол тілеп, ақ батасын берді.

  Кездесу барысында Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Н.Аққожина, Достық үйінің директоры Б.Көпбайұлы, Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Қ.Сабырбай, DSC_0155 абайтанушы А.Омаров, Халықтық ақындар орталығының жетекшісі Д.Омарбаева және Қазақстан Жазушылар Одағы Семей қаласы филиалының төрағасы М.Қарт DSC_0017 ақынға деген ақжарма тілектерін жеткізді.

  Жиын соңында Т.Әбдікәкімұлы кездесу салтанатын ұйымдастырған музей ұжымына алғысын білдіріп, «Тағзым» кітабына қолтаңбасын қалдырды.