name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ АБАЙ МҰРАЖАЙЫНДА 18.03.2017 13:32

  DSC_00202017 жылдың 17 наурыз күні Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.К.Сағадиев Семей қаласына келген арнайы іссапар барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне келіп ұлы ақын рухына тағзым етті.

  Құрметті қонақты Абай қорық-музейінің директоры Б.Ж.Жүнісбеков қарсы алды.

  Министр Бас музей экспозициясымен, сонымен қатар белгілі қолөнер шебері С.Бәшіровтың «Абай жолы» - руханият жолы» этнографиялық көрме залымен танысты. Экскурсия барысында Абайдың өлкетану музейіне тапсырғанDSC_0015 заттары, Шыңғыстау өңірінің табиғаты мен тарихи жерлері бейнеленген белгілі қылқалам шеберлерінің туындыларына қызығушылық танытты.

  Сонымен қатар, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры М.Ғ.Ескендіров өзара ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы меморандумның нәтижесінде Абай музейінде студенттерге дәрістер жүргізіліп, DSC_0052ғылыми зерттеу жұмыстары мен жаңа форматтағы көрмелер ұйымдастырылып, отыратындығын тілге тиек етті.

  Экскурсия соңында музей директоры Б.Жүнісбеков құрметті қонаққа Абайдың төрт тілдегі өлеңдер жинағын сыйға тартты.