АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫНДА ХӘКІМ АБАЙДЫҢ АЛЫП СУРЕТІ САЛЫНДЫ 25.07.2018 11:06

   Абай20Қостанай қаласындағы тоғыз қабатты тұрғын үйдің қабырғасына қазақ даласының алып ойшылдарының біріхәкім  Абайдың бейнесі бедерленді. Тұрғын үйдің қабырғасындағы суретті көпшіліктің назарына ұсыну «Рухани жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламалық мақаласы аясында Қостанай қаласы әкімінің тапсырысы бойынша жүзеге асырылып отыр.

   Сурет авторлары Әли Закир мен Ержан Танаев есімді графити салушылардың бұл еңбегі бүгінгі күнге дейін салынған ең үлкен суреттерінің бірі екен. Стрит-арт фестивальдеріне қатысып, үш жыл бойы Қазақстанның әр түкпірінде өз қолтаңбаларын қалдырып жүрген суретшілер аталмыш тұлғаны бейнелеу үшін Абай Құнанбаевтың фотосуАбай10реттері мен портреттерін пайдаланған. Олардың айтуынша бұл сурет ақын Абайдың жинақталған образы.

   Естеріңізге салсақ, Абайдың алып суреті бұған дейін Өскемен қаласында да салынған болатын. Тұрғын үйдің қабырғасында бейнеленген Абайдың қолында кітап және суреттің астында «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» хәкім Абай ұлағаты таңбаланған болатын.