АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҚОС ТҰЛҒА – ҚОС ТАҒДЫР 04.02.2019 16:57

20190201_133608 Семей қаласының Ж.Шайжүнісов атындағы электронды колледжде Абай мен Пушкинге арналған «Қос тұлға – қос тағдыр» тақырыбында мәдени шара өтті.

Шараға Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері А.Мұратқан қатысып, екі ұлттың мақтанышы ұлы Абай мен классик Пушкинге қатысты20190201_135825 тұшымды ойын білдіріп, қос тұлғаның өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып студенттерге дәріс оқыды.

Кеш барысында колледж студенттері Хәкім Абайдың өлеңдерін оқып, «Евгений Онегин» шығармасынан көрініс қойды. Облыстық Ә.Қашаубаев атындағы 20190201_135641 филармонияның әншісі Т.Мұқашев ұлы ақынның «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы» әндерін орындап, болашақ мамандардың ықыласына бөленді.