АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ, ЖУРНАЛИСТ, АҚЫН, САЗГЕР МҰРАТ ӘЛИН – 70 ЖАСТА 03.04.2017 16:03

 DSC_0037 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Абай ауданының құрметті азаматы, белгілі журналист М.Әлиннің 70 жасқа толу мерейтойына орай «Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң...» атты кеш ұйымдастырылды.

  М.Әлин отыз жылға жуық мәдениет пен журналистика саласында қызмет атқарды.

  1970-1976 жылдары Абай аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі, 1982-1985 жылдары Семейдегі Ә.Қашаубаев атындағы облыстық филармонияның басшысы, 1990-1996 жылдары Семей облыстық телерадиокомпаниясының төрағасы болды.

  М.Әлин - «Сағыныш», «Қыз сағынышы», «Гүл керек» атты әндердің авторы.

  Музей директоры Б.Жүнісбеков мерейтой иесін құттықтап, Абай, Шәкәрім, Мұхтар мұраларын насихаттау DSC_0103ісіндегі еңбегі үшін «Абай» медалін табыстады. Сонымен қатар М.Сейсенұлы мәдениет саласындағы жемісті еңбегі үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, Семей қаласы әкімінің грамотасымен марапатталды.

  М.Әлиннің қоғам қайраткері ретінде атқарған қызметі жайында профессор А.Еспенбетов, Абай қорының президенті О.Кәрібжанов, Ж.Екібаевтар жан-жақты сөз етті.

  Кеште қалалық мәдениет сарайының директоры, әнші Н.Иманбаев, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері А.Бейсенбеков және шәкірттері М.Оразалинов, Б.Ерғабыл, Н.Әкімжановтар «Қазағым-ай», «Қисмет», «Ана», «Қасиетті Тайқазан» әндерін орындады.

  Кешке қаланың зиялы қауым өкілдері, студенттер қатысты.