Үстіміздегі жылдың 20 қазанында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіндегі «Латын тілі – уақыт талабы» дөңгелек үстел басында латын графикасына негізделген қазақ әліпбиіне байланысты үлкен жиын болып өтті. Мұнда осы мәдени мекеменің жетекші ғылыми қызметкері М.Кенемолдин «Латын тілі – уақыт талабы» деген тақырыпта баяндама жасады. «Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтқандай, - деді ол, - қазіргі уақытта қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесі жан-жақты талқыланып, 2025 жылға дейін толықтай жүзеге асыру қолға алынды».