2017 жылдың 5 қаңтар күні Абай қорық-мұражайында Қайым Мұхамедханұлының туған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Қайым Мұхамедханұлының есімі абайтанудың негізін салушы ретінде республикамызға танымал. Ол өзінің ғылыми-зерттеу қызметінің алғашқы күндерінен бастап Абай, оның айналасындағы ақындар жайында материалдар жинақтаған. Зерттеушінің 1951 жылы "Абайдың әдебиет мектебі" тақырыбында қорғаған кандидаттық диссертациясы, "Абай мұрагерлері", "Абай шығармаларының тестологиясы" атты монографиялық еңбектері, көптеген
ғылыми мақалалары Абайдың, оның шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зеттеуге қосқан қомақты үлес болып табылады. Ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы қарсаңында Рспубликалық "Абай" қоры абайтанудағы жаңа құбылыс болған үш томнан тұратын "Абайдың ақын шәкірттері"еңбегін басып шығарған болатын.
Көрмеге ғалымның еңбектері, авторефераттары және мұражай қорынан жеке қолжазбалары қойылды.