name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҚАДІРМЕНДІ ӘРІПТЕСТЕР! 28.06.2017 10:15

 
22  Сіздердің баршаңызды төл мерекеміз, 28 маусым – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

  Туған еліміздің табыстарына бірінші боп қуанып, оны ел-жұртқа қашан жеткізгенше асығатындар  да Сіздер,  құрметті журналистер. Қоғамдағы көлеңкелі жайттарды да бірінші боп көріп,  жаны ауыратындар да және  оны жауаптыларға жеткізетіндер де Сіздер, құрметті ақпарат әлемінің сайыпқырандары!

  Соған орай Абайдың «Жидебай – Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық  қорық-музейі ұжымының Ұлы ақынның асыл мұрасын жинау мен сақтау, зерттеу мен зерделеу жолындағы жан-жақты  қызметі жайында жұртшылық мейлінше жақсырақ біліп отырса, бұл да Сіздердің қолдауларыңыздың арқасы!

  Сондықтан Сіздердің шығармашылық қанатында шарықтай берулеріңізге және отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке қонуына тілектеспіз!