Тұңғыш Президент күніне орай Жидебайдағы Абай музей-үйінің ұйымдастыруымен
Абай ауданының орталығындағы Қарауыл гимназиясы мен Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп лицейінде "Ұлылар ұлағаты" тақырыбында көрмелер өткізілді.
Көрме аясында аталған оқу орындарының оқушылары "Абай және Елбасы" атты ғылыми танымдық сабаққа қатысып, Н.Назарбаевтың Абай
еліне келген ресми сапарлары, халық ақыны Шәкір Әбенов пен шежіреші Жағыпар Жүнісжанұлының Елбасыға бата берген сәттері, ЮНЕСКО көлемінде тойланған хакім Абайдың 150 жылдық мерейтойы жайында мағлұматтар алды.
Сонымен қатар, музей қызметкерлері Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы оқушылармен пікір алмасып, ақын туындыларын жатқа оқыған жас жеткіншектердің өнерін тамашалады.