АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҚҰНАНБАЙ ӨСКЕНБАЙҰЛЫНА АРНАЛҒАН КӨРМЕ 26.02.2020 18:00

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Құнанбай Өскенбайұлына арналған «Көрегенді көсем, парасатты шешен, ел қамқоры - Құнанбай» көрмесінің ашылуы өткізілді.
  Көрмеде Семей қаласының зиялы қауым өкілдері және Шәкәрім Құдайбердіұлының ұрпақтары қатысты.
Көрме тарихи тұлға, би, аға сұлтан, заманының көрнекті қайраткері болған Құнанбай Өскенбайұлының жалпы тұлғасын танытатын Абай қорық-музейінде жинақталған тарихи материалдар, Құнанбайдың тақиясы мен күміс белдігі, таңбалы мөрі таныстырылды.
  Шара барысында Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев, Абай музейі директорының инновациялық даму және қоғаммен байланыс жөніндегі орынбасары Т.Шаңбай, , Шәкәрім университетінің «Тарих және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент М.Ибраемова сөз сөйлеп, академик Ерлан Сыдықовтың «Құнанбай» кітабының тұсаукесері өтті. 
  Абайдың әсем әндерінен композициялар орындалып, Облыстық Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның «Кербез» фольклорлық ансамблі шалқыма күймен көрік берді.

           87365557_832696523871449_5992478529046970368_n     87419958_832696597204775_2890384428951928832_n

           87965222_832696683871433_7696006757872566272_n      87385546_832696760538092_7882630087680458752_n

           87456895_832697073871394_8775410362380976128_n      87813261_832696880538080_581928834081751040_n