АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК СЕМИНАР «ҚАЗАҚ РУХАНИЯТЫНЫҢ АЙНАСЫ – «АБАЙ ЖОЛЫ» МЕКТЕП БАҒДАРЛАМАСЫНДА» 25.04.2017 15:50

  DSC_00062017 жылдың 25 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі  қазақ әдебиетінің классигі, әдебиетші-ғалым М.Әуезовтің 120 жылдығына орай «Қазақ руханиятының айнасы – «Абай жолы» романы мектеп бағдарламасында» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды.

  Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындаDSC_0019 «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс. Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана» - деп айтқан еді.

  Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеуде ғұлама М.Әуезовтің әр шығармасының берері мол. 

  DSC_0038Ғылыми-тәжірибелік семинар жұмысы Абай қорық-музейінің директоры Б.Жүнісбековтің алғы сөзімен ашылды.

  Семинар барысында  Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі, ф.ғ.д., профессор А.Еспенбетов, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледж директоры Ш.Алдамжарова жас ұрпақтың жетілуінде М.Әуезовтің мұрасы баға жетпес қазына болып табылатынын, оқуDSC_0145 процесінде М.Әуезовтің шығармаларын қалай оқыту керектігі жайлы және тағы да басқа  көкейкесті мәселелер көтеріп, өз ойларын білдірді.

  Сонымен бірге, шара барысында Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі мен М.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің әкімшіліктері меморандумға қол қойды.

DSC_0151  Семинар жұмысының өзара әріптестік  бөлімінде ҚазИГЗУ гуманитарлық факультеті, филология кафедрасының доценті, ф.ғ.к Р.Мұқажанова да сөз алып, тұшымды ой-пікірлерімен бөлісті.

 Семинар жұмысында мектеп ұстаздары өз баяндамаларын оқып, ойларын ортаға салып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.