АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ҒЫЛЫМ ДА ЖОҚ, МИ ДА ЖОҚ, ДАЛАДАҒЫ АҢДАРСЫҢ. АБАЙ. 27.07.2018 15:31

       Мендей ғаріп кез болса,
       Мойын салсын, ойлансын.
       Қабыл көрсе сөзімді,
       Кім таныса, сол алсын.

      Өздерің де ойлаңдар,
      Неше түрлі жан барсың.
      Ғылым да жоқ, ми да жоқ,
      Даладағы аңдарсың.

 Рисунок1 Иә, мыңмен жалғыз алысқан ұлы ақынның айтып кеткен сөзі, өсиеті уақыт сынынан сүрінбей өтті.  Дүние дидары өзгерген бүгінгі күнде де адамзаттың қас жауы – надандықтан арыла алмай келмей жатырмыз. Соның бір көрінісі –  Абайдың атын, баға жетпес мұрасы мен қоғамдық қызметін, бір сөзбен айтқанда ұлылығын жоққа шығаруға тырысып баққан Н.Б.-деген пенденің  әлеуметтік желідегі әрекеті.

  Әр адам өзінің жеке ой-пікірін білдіруге, айтуға, жариялауға хақылы. Десек те, білемін деп надандығын білімділіктей көріп таласқан жанды мұқату емес, көзін ашу үшін өз пікірімізді білдіргенді жөн көрдік.  Бұндайларға жаны ашып, қапа болған ақын да өз заманында:

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық

Аздырар адам баласын.

Таласып босқа,

Жау болып досқа

Қор болып құрып барасың.

Өтірік, шағым толды ғой,

Өкінер уақыт болды ғой, -

деді емес пе.

Әлеуметтік желі арқылы Абайды қаралауға бағытталған бейнеролик авторы тәрізді рухани жүдеулікке ұшыраған адамдар:

  • ойшыл ақынның теңдессіз ойлары мен шығармалары бүкіләлемдік қазынаға қосылған алтын қор екенін, ақындығымен қоса аудармашы болған Абай орыстың классик ақындары А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Крылов шығармаларымен туған халқын таныстырғанын ;
  • Абай ел билеу ісіне белсене араласып, болыстық қызметке бірнеше рет сайланғанын, қоғамдағы бұл қызметі нәтижелі болғандығын Семей оязының Облыстық әскери губернаторға жазған хаты растай түсетіндігін;
  • Абай есімі адамзат жүрегінде мәңгі сақталар ұлы тұлғалар – Гете, Байрон, Науаи, Пушкиндермен қатар аталатындығын;
  • жазушы Джордж Кеннан ХІХ аяғында европалық оқырманға Абай есімін  мәшһүр еткенін;
  • ойшыл халқының мүшкіл халын ойлап, өткір сөзімен сол қауіптен құтылар сара жолды көрсеткенін, Алаш қайраткерлерінің басым көпшілігі өздерінің ақыл-ой қызметінде, қазақтың ұлттық мемлекетін құру жөніндегі нақты істерінде Абайдың мұрасына, оның ақындық қана емес, философиялық ойларына да саналы түрде сүйенгендігін;
  • еліміз  өзінің тәуелсіздігін жариялағаннан бергі кезеңде әлемдік деңгейде өткен тұңғыш қазақ тойы – ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойы болғандығын;
  • осы мерейтой қарсаңында Елбасы «Абайды тани алмаған қазақ дүниені де танып жарытпайды» деп қайталап еске салғандығын;
  • «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,/ Және сүй хақ жолы деп ғаділетті» деген даналық ойды бірінші болып Абай айтқандығын;
  • әр адам өз сөзі мен іс-әрекетіне жауап беруге тиіс екенін біліп жүрулері қажет.

Шынар Садықова,

Абай қорық-музейінің ғылыми хатшысы