name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ФРАНЦИЯ ЕЛШІСІ АБАЙ МҰРАЖАЙЫНДА 12.08.2016 15:54

  DSC_0009 2016 жылдың тамыз айының 12 күні Францияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Франсис Етьен Семей қаласына сапары аясында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайына келіп ақын рухына тағзым етті.

   Құрметті қонақтарды директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева қарсы алды. Келген қонақтарды мұражай экспозициясымен жетекші ғылыми қызметкер Ү.Ибраева таныстырды.

   Мұражай экспозициясын тамашалаған қонақтар ақын сусындаған қайнар бұлақ – шығыс поэзиясы мен мәдениетін ашатын әдебиеттерге, Абай тапсырған заттарға, «Жаз» бөліміндегі этнографиялық жәдігерлерге ерекше қызығушылық танытты.

 DSC_0044  Мәртебелі қонақ Франсис Етьен  Абай Құнанбайұлының білім мен тәрбие жөніндегі шығармаларының орны ерекше екеніне тоқталды. Ақынның қарасөздерінің мәні зор екенін атап өтті.

   Экскурсия соңында ұлы ақынның асыл мұраларын көпшілікке насихаттауда мұражай ұжымына табыс тілеп, зор алғысын білдірді.