name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ЭКСПОНАТ ТАРИХЫ» ЖОБАСЫНДА – ПРЕЗИДЕНТ ТАРТУЛАРЫ 02.12.2016 16:48

  DSC_0430«Экспонат тарихы» жобасы аясында 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай Елбасы Н.Назарбаевтың Абай мұражайына жасаған тартуларының таныстырылымы өтті.

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаев Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Алатаудың Абай атындағы шыңында тұрып ұлы Абайдың рухына тағзым етемін» деген қолтаңбасымен «Абай» энциклопедиясын ақын мұражайына сыйға тартқан.

  1995 жылы 10 тамызда ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы салтанатына арнайы келген сапарында Елбасы Абай мұражайының қонақтарының тілектеріне арналған кітабына «Абай мұражайы құтты болсын! Абай арманы орындалып, халқымыз бақытқа жетсін!» деген ізгі тілегін жазып қалдырған.

  IMG-20161205-WA0002Көрмеге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың қолтаңбасы қойылған «Зерде» кітабы, қолтаңба кітабы және «Абай» энциклопедиясы қойылды.