name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«ЭКСПОНАТ ТАРИХЫ» ЖОБАСЫНДА – ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВТЫҢ ХАТТАРЫ 05.01.2017 11:36

  Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында «Экспонат тарихы» жобасы аясында абайтанушы, көрнекті ғалым  Қ.Мұхамедхановтың  мұражай қорындағы әр жылдары жазылған хаттарының таныстырылымы көпшілік назарына ұсынылды.

  20170104_123409Абай ауданының азаматы, ұстаз, әріптес жолдасы Баян Күзембаевқа жолданған хат (1962). Қ.Мұхамедханов хатта өз отбасының аман-есендігін білдіре келіп, Абай ауданына белгілі Рахым ақсақалдың, Мұхаң, Қойбағар, Біләл, Бәтташ, Нысанбек және тағы басқа азаматтарға сәлемін жеткізуді сұрайды. Солардың бірі – әдебиетші және оқырман қауымға танымал көрнекті жазушы Кәмен Оразалин болатын.

  Қайым Мұхамедханов пен Кәмен Оразалиннің жолдастық және шығармашылық байланыстары өмір бойы үзілмегені белгілі. Хаттан белгілі болғандай Қ.Мұхамедханов бұд кезде ұстаздық қызметпен шұғылданған.

  Халық ақыны Т.Көбдіковтің ұлы Мұрат Төлеуовке жолданған хат (1987). «Қадірлі інім, Мұрат!» деп басталатын хатта Қайым аға Қ.Халидтің «Тауарих-и-Хамса» («Бес тарих») кітабы үзінділерінің Нәби молда жасаған аудармасының дұрыстығын айтып, өз пікірін білдіреді. Қ.Мұхамедханов бұл жұмыстыDSC_0015 алдағы уақытта да жалғастыруын сұрап, кітаптың аударатын келесі беттерін көрсеткен.

  Нәби молда – қазіргі Үржар ауданына қарасты Қарақол ауылының азаматы, арабша жақсы сауатты адам болған.

  Ғалым Нәби ақсақалмен жүздесіп, кең әңгімелесуі керектігін, қай жерде, қай кезде кездесудің ретін ойластырып қоюын сұрайды.

    Абай ауданы, М.Әуезов атындағы совхоз директоры Амантай Мұқатаевқа жолданған хат
(1988).
  Ғалым 1943 жылы Мұхтар Әуезовпен бірге Абай елін аралап, осы сапарында Бөрілі, Тышқан, Аралтөбеде болып, жазушының ата-анасының бейітін көргендігін айтады. Сонымен бірге, Әуезовтің түсіндіруі бойынша Арымбек, Омарханның қоралары, жазушының әке-шешесі – Омархан мен Нұржамалдың, ағасы Қасымбектің зираттары, Турағұл, Мекәйіл, Ақылбай қыстаулары, сол жердегі зираттардың сызбалары  да шартты түрде қағазға түсіріліп  көрсетілгендігін айтады.