name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ЭКСПО ҚОНАҚТАРЫ «АБАЙДЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫМЕН» ДИДАРЛАСАДЫ 29.05.2017 08:01

  1495172684_article_b_1500_Әне-міне дегенше халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің салтанатты ашылуына да санаулы күндер қалды. Ресми дерек бойынша, көрме аясында әртүрлі форматта 7 мыңнан астам мәдени шара өтпек. Қытайда түсіріліп жатқан «Абайдың балалық шағы» атты көпсериялы анимациялық фильмі де халықаралық көрме кезінде көпшілікке ұсынылмақшы.

  Қытайдың Үрімжі қаласындағы «Абай жолы» компаниясы түсіріп жатқан «Абайдың балалық шағы» атты 3D көпсериялы анимациялық фильмі Абай әлемі аясындағы ізденістердің кеңге қанат жайып келе жатқандығын аңғартады.

  – Қазір төрт серияның түсірілім жұмыстары сәтті аяқталды. Үгіт-насихат есебіндегі алғашқы сериясының ұзақтығы 15 минут, кейінгі сериялары 13 минуттан тұрады. Фильмнің 26 сериясын бір жыл көлемінде түсіріп бітіруге тиіспіз. Жұмыс сәтті болып, телеаналардан көрсете алсақ, толықметражды мультфильм ету ойымызда бар, – дейді компания директоры, әрі мультфильм режиссері Ғұсман Қажытай.

  Мультфильм сюжетінде Абай образы халық ұғымына ортақ ақылды, зерек, қазақтың қара домалақ баласы ретінде бейнеленген.

 Ая ӨМІРТАЙ, «Егемен Қазақстан»

19.05.2017ж.