АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІ АЯСЫНДА АСТАНАДА ӨТКЕН КӨРМЕ «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП...» 23.06.2017 16:12

  IMG_9794Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында «ЭКСПО -2017» мамандандырылған көрмесі аясында ұйымдастырылған «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті.

  Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ең басты мақсат – Абай әлемінің бар құдіретін, болмыс-құпиясын төрткүл дүниеге барынша мол таныту. Абайды жете таныту арқылы туған халқымыздың мәдени келбетін, қадір-қасиетін, шыққан биігін, рухани жетістіктерін әлемге әйгілеу» деген еді.

  Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Жауапты хатшысы Қ.С.Уалиев ашты. ҚұрметтіIMG_9860 қонақтардың ішінен Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Кеңесшісі Масуд Шейх Зейнеддин, ҚР парламент депутаты К.Бурханов сөз алды. Абай қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.С.Қайрамбаева көрменің бағыт-бағдарын айта келе: «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында біздің музей қызметінің негізгі мақсаты - ұлы ақынның мәдениетіміз бен әдебиетімізге қосқан үлесін  шетелдік қонақтарға кеңінен насихаттау және таныту», - деп көрсетті.

  Сонымен бірге, көрменің ашылу салтанатында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының жаңадан табылған «Майдақоңыр» күйінің тұсаукесері болды. Күйді ҚР Ұлттық музейінің «Халық қазынасы» ғылыми-зерттеу IMG_9806институтының ғылыми қызметкері, күйші Р.Нұркенов орындады. Зиялы қауым назарына халық әндері де ұсынылды.

  Көрме «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлең сөздің патшасы - сөз сарасы», «Абай – терең теңіз, алып мұхит», «Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған», «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Замандардан асқан заңғар» тақырыптары арқылы Абайдың қазақ халқының ұлттық санасының оянуы мен рухани қайта жаңғыруы жолындағы  шығармашылығы мен қоғамдық қызметін жан-жақты аша түседі.

  Көрмеде Абайдың өз қолымен 1885 жылы Семей қаласындағы Өлкетану музейіне тапсырған заттары,IMG_9916 әлем тілдеріндегі ұлы ақын шығармаларының бірегей басылымдары, Абай музейінің баспа өнімдері қойылған.

  Көрменің ашылу салтанатына қатысқан Астана қаласының зиялы қауымына және «ЭКСПО-2017» қонақтарына арнайы дайындалған ұлы ақын шығармаларының қазақ, орыс, ағылшын және қытай тіліндегі басылымдары ұсынылды.