АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ЕҢ ТАҢДАУЛЫ ЭКСПОНАТТАР КӨРМЕСІ 06.11.2019 16:25

75224841_740603929747376_5978939215876980736_n   6 қараша күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде «Көненің көзі» көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

  Өткен ғасыр тарихынан сыр шертетін көрмеде ісмер шеберлер мен өнерлі 74300179_740603953080707_876811049423077376_n ұсталардың қолынан шыққан құрсаулы кесе, шыныаяққап, күмістен соғылған зергерлік бұйымдарға, айбалта, шоқпар сияқты қару-жарақтарға, үш ішекті домбыра, асатаяқ, дауылпаз сияқты қазақ елінің музыкалық мұрасын әлемге танытқан аспаптарға, сүйекпен 74588073_740603896414046_4179567413156642816_n әшекейленген сандық, кіршомбал, тұмарша, бойтұмар, тоғызқұмалақ және тағы басқа тұрмыстық заттарға орын берілген.

  Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 1885 жылы Н.И.Долгополов арқылы тарихи-өлкетану музейіне өткізген тарихи жәдігерлері, Абайдың інісі әрі шәкірті Шәкәрім 71183570_740604113080691_7372592512143196160_n Құдайбердіұлының үлгісіндегі кимешек және ою-өрнек, одан бөлек Абайдың айналасына қатысты және этнографиялық маңызға ие жәдігерлер жинақталған түрде алғаш рет көпшілік назарына ұсынылып отыр.

73482867_740604269747342_4350200004195909632_n   Аталған көрменің ашылуына қатысқан қаламыздағы зиялы қауым өкілдері мен мәдениет және өнер ошақтарының қызметкерлері, студенттер мен оқушылар, әдебиет пен өнерге қызығушылық танытқан жасөспірімдер қалалық мәдениет Сарайының әншісі Б.Сләмқұловтың орындауындағы Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдап, шежіреші ақсақалдардың рухани-танымдық әңгімесне құлақ түрді.