АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БАС ҚОСТЫ 15.01.2020 18:06

82329949_803293790145056_13448204028739584_o    15 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Семей аймағы бойынша дін қызметкерлеріне82469034_803293763478392_6807622906185515008_o арналған «Хакім Абайдың рухани мұралары» атты оқу-тәжірибелік семинардың ашылуы өткізілді.
   Семинарға Семей өңірі бойынша ауылдық және қалалық мешіттердің имамдары, Семей қаласы көпсалалы колледждің ұстаздары мен студенттері қатысты. Аталған шарада Абай музейінің директоры Ж.Әубәкір музей қорындағы 83150385_803293773478391_8910005411847864320_o  Абай оқыған медресе кітаптарының құндылығына тоқталып, қысқаша ақпарат беріп өтті. Семей қаласы әкімінің орынбасары А.Садырбаев Абайдың рухани82873345_803293880145047_1066749393903812608_o шығармаларының болашақ ұрпаққа насихатталуына үлес қосып жатқан дін қызметкерлеріне алғысын жеткізді.
   Сонымен қатар, семинар аясында Әнет баба атындағы Қос мұнаралы орталық мешіттің бас имамы А.Мұқанов алғаш білімін 82293956_803293866811715_4872758212559896576_o молдадан алған ұлт зиялылары, діни тұлғаларымызды, Хакім Абайды толық зерттеп құндылықтарымызды дәріптеу мақсатында Абайдың 175 жылдығы қарсаңында атқарылатын жұмыстар туралы баяндады.82202547_803293900145045_6914873548146212864_o
   Семинарға қатысушылар Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспозициясымен және Абай оқыған Ахмет-Риза мешіт-медресесінің кітаптарымен танысты.