АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ДӘСТҮРЛІ «МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АЙМАҚТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ 29.09.2017 17:04

  DSC_0003Бүгін Абай шаңырағында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, қарымды қаламгер Мұхтар Әуезовтің туғанына 120 жыл толуына орай дәстүрлі «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық байқауы өтті.

  Сайыс екі бағыттан тұрды. Бірінші «Мәнерлеп оқу» бағытында қатысушыларDSC_0009 Мұхтар Әуезов шығармаларынан үзінді оқыды, екінші «Ақындар мүшәйрасында» жас ақындарымыз кемеңгер жазушыға арналған өлеңдерін жұртшылыққа паш етті.

  Байқау қорытындысы бойынша «Мәнерлеп оқу» бағытында: Шәкәрім университетінің студенті Қайырғалиева Ерке I орын, Инновациялық DSC_0126колледждің студенті Елтай Дана II орын, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Мейрамбеков Сұлтан III орын иеленді.

  «Ақындар мүшәйрасы» бағытында: Қазақ Инновациялық гуманитарлық Заң университетінің студенті Омарғали Ерік  I орын, М.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің студенті Төлеутаева Динара II орын, ҚазақDSC_0054 Инновациялық гуманитарлық Заң университетінің магистрі Қабаева Назерке III орынды қанжығасына байлады.

  Мұхтар Әуезов жасаған асыл туындылар қазақ әдебиетін озық әдебиеттер қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық характерін жер жүзі оқырмандарына танытты, сөйтіп кемеңгер DSC_0212жазушы тек қазақ әдебиеті ғана емес, бүкіл әлем әдебиетінің мақтанышына айналды. Сондықтан оның туындылары дәстүрлі түрде Абай музейінде ұлықтала бермек.

  Орын алған барлық студенттерді жеңістерімен құттықтаймыз!