АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

ДӘСТҮРЛІ КӨКБАЙ ОҚУЛАРЫ ӨТТІ 02.05.2017 11:21

  DSC_00102017 жылдың 28 сәуірінде Абайдың мемлекеттік «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі және Абай ауданының Білім бөлімі бірлесе Абайдың талантты шәкірті, әрі адал досы Көкбай Жанатайұлының туғанына 156 жыл толуына арналған дәстүрлі VI Көкбай оқуларын ұйымдастырды.

  Шараға Ресей Федерациясының Омбы қаласынан арнайы  келген КөкбайDSC_0137 ақынның немересі А. Көкбаев қатысты.

  Байқаудың мақсаты:  Көкбай ақынның өмірі мен шығармашылық жолын насихаттау, әдеби мұрасын жасөспірімдер арасында терең білуге ынталандыру.

  Оқушылар байқауға үш номинация бойынша қатысты. Шараға үлкен дайындықпен келген қатысушылар, Көкбай ақынның шығармаларын жатқа оқып, өз білімдері мен өнерлерін көрсетті. Сайыс барысында жеңімпаздар анықталып, дипломдар мен сыйлықтарға ие болды. Өзіндік өнерімен ерекше DSC_0147көзге түскен, бірақ арнайы орынға ие болмаған қатысушылар да сыйлықтан  құр алақан қалмады.

  Сайысты ұйымдастыруға үлес қосқан Көкбай орта мектебінің құрметті ұстазы А.Қадыроваға Абай музейі тарапынан алғыс хат пен арнайы сыйлық табыс етілді.

  Байқауға зиялы қауым өкілдері, ауыл тұрғындары, ұстаздар және оқушылар қатысты.