name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

БЛОГЕРЛЕР АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ 10.11.2017 15:00

Өскемен қаласынан келген блогерлер Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде болды.MEaYMZtm3yc

Қонақтар «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің жаңа экспозициясын тамашалады. Онда XX ғасырдың басындағы «Алаш» партиясының құрылуы және «Алашорда» үкіметінің жасақталуы, негізін қалаушылары туралы архив материалдары жұртшылық назарына ұсынылған.

Сонымен қатар, қонақтар Абай музейінің бас ғимаратына ат басын тіреді. Олар хәкім Абайға қатысты деректерге, жаңадан ұйымдастырылған көрмелерге қызығушылық білдірді.

Жылдан жылға данышпан ақын музейіне келушілердің қатары көбеюде. Бұл – қазақтың рухани тұрғыдан дамуына айрықша ықпалын тигізері белгілі.