name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«БІЗ КУӘЛІК ЕТЕМІЗ» КІТАП КӨРМЕСІ 31.05.2017 15:10

  IMG-20170531-WA0012Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 31мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай «Біз куәлік етеміз»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  XX ғасырдың басында Қазақстан жеріндегі АЛЖИР, Степлаг, Карлаг лагерлері сталиндік тоталитарлық жүйе жүзеге асырған қатігез саясаттың нағыз ошағы болды. Ұлттық интеллигенция өкілдері «халық жаулары» ретінде қудаланып, осы лагерлерде жазасын өтеді. 1921-1954 жылдар аралығында 100 мың адам жазаға тартылып, олардың 25 мыңы ату жазасына кесілген болатын.

  Сол уақытта жүргізілген солақай саясаттың салдарынан 2 миллион 200 мың адам ашаршылық құрбанына айналған.

  1997 жылы ҚР Президент Жарлығына сәйкес 31 мамыр осы қасіретті жылдарды еске алу күні ретінде бекітілген.

  Көрмеге қуғын-сүргін құрбаны болған Алаштың ардақты азаматтары Ә.Бөкейхан, М.Дулатов, М.Жұмабаевтың еңбектері, Б.Ерсәлімов, Б.Нәсеновтың кітаптары, «АЛЖИР» мұражайы қорындағы коллекциялар каталогы, «Нәубет», «Қызылдар қырғыны» басылымдары, «Қазақ тарихы», «Мәдениет» журналдары қойылды.

  Кітап көрмесімен қаланың колледж студенттері және мектеп оқушылары танысты.