АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«БІЛІМДІДЕН ШЫҚҚАН СӨЗ, ТАЛАПТЫҒА БОЛСЫН КЕЗ...» 19.02.2020 15:27

87026839_827679507706484_7570237325033078784_n   19 ақпан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Алматы қаласындағы86710121_827679607706474_7402827028912668672_n Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ғылым комитеті "Ғылым ордасы" РМК-ның Сирек кездесетін кітаптар музейінде Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез...» көшпелі көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
  Салтанатты жиынның алғы сөзін Абай музейінің ғылыми хатшысы Р.Елекенова және «Ғылым ордасы» РМК бас директорының орынбасары Н.Сейдин бастап, музей қызметкері Н.Боранбаев көрмемен таныстырды. Көрмеге музей қорындағы құнды қолжазбалар мен архивтік деректер, 86970057_827679641039804_5290707557512380416_o Абайдың «Тұмар» домбырасы және Ұлы ақынның 1885 жылы тарихи-өлкетану музейіне тапсырған жәдігерлерімен қатар музей баспасының86686869_827679694373132_7784526643728482304_o басылымдары қойылды.
Сонымен қатар аталған көрмеде Абайдың өмір сүрген кезеңімен оның айналасына қатысты тарихи тұлғалар туралы деректер берілген арнайы тақталар орнатылды.
86811577_827679381039830_1590570095019556864_n   Шара барысында Сирек кездесетін кітаптар музейі Абай музейінің ұжымына алғыс білдіріп, аталған көрменің ұйымдастырушылары 87052503_827679267706508_1685033678742224896_n мен мекеме басшыларына алғыс хаттар табысталды.
  «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез...» көрмесі қала тұрғындары мен қонақтарының назарларына 10 наурызға дейін ұсынылады.