АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

БАЛАЛАР БЕЙНЕЛЕУ СТУДИЯСЫНДАҒЫ ТАНЫМДЫҚ САБАҚ 29.12.2016 14:34

  IMG_702828 желтоқсанда ШҚО Невзоровтар атындағы бейнелеу өнері музейінің балалар бейнелеу студиясы оқушыларымен кездесу өткізілді. Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайы ғылыми-зерттеу бөлімінің жетекшісі Ш.Садықова балалармен Ә.Бөкейханның 150 жылдығы және 2017 жылы аталмақшы Алаш партиясы, Алашорда автономиясының 100 жылдығы туралы әңгіме жүргізді.

  Студия оқушыларының кескіндеме және графика техникасында жасалған Әлихан Бөкейханның өмірі мен қоғамдық қызметін ашатын шағын көрмеге аударылды.

  И.Вахитованың "Детство" ("Балалық шақ"), К.Уткинаның "Алихан и Елена", Р.Молдахметованың  "Тяжелые годы" ("Ауыр жылдар"), А.Амренованың "Важное дело" ("Маңызды іс"),   К.Стопычеваның  "Музей "Алаш арыстары-М.Ауэзов" тақырыбындағы жұмыстарында Ә.Бөкейхан тұлғасын жан-жақты ашуға тырысқан.

  Оқушылардың Әлихан туралы толыққанды мәлімет алып, бұл тақырыпты аша білулеріне Абайдың қорық-мұражайының «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейіндегі экскурсия мен пленэр үлкен көмек болды.

  Балалар бейнелеу студиясы оқушыларының көрмесі 2017 жылы «Алаш» партиясы, Алаш үкіметінің 100 жылдығы қарсаңында Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайында да өз жалғасын таппақ.