Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының туған күніне арналған шараның басы шаһардың рухани алаңында Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды.
Абай алаңына жиналған көпшілік қауым ақын рухына тағзым етті. Шараға Абай қорық-мұражайының директоры Б.Жүнісбеков, Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Көпбаев, Ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Садырбаев, Халықаралық Абай қорының президенті О.Кәрібжанов, Республикалық «Абай» журналының редакторы М.Оспанов, зиялы қауым өкілдері және мәдениет мекемелерінің басшылары мен қызметкерлері қатысты.