АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АЙНАЛАЙЫН, АЛТЫН ҚАНАТ – АЗАТТЫҚ! 15.12.2017 16:47

DSC_0019Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті бірігіп, 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Айналайын, алтын қанат – азаттық!» атты әдеби-танымдық кеш ұйымдастырды.

Шараның мақсаты: жастарды отансүйгіштікке, елжандылыққа, туған елін, туған жерін сүюге баулу.DSC_0026

Кешке Тәуелсіздіктің бастауы болған Желтоқсан көтерілісінің куәгерлері, қазақтың батыр жүректі қыздары «Семей» телеарнасы жаңалықтар бөлімінің редакторы Эльмира Жүрсінбекқызы мен Шәкәрім университетінің музыка кафедрасының оқытушысы Жанат Маукенқызы қатысты.

DSC_0031Кеш қонақтары Желтоқсан көтерілісің қиындығын атап өтіп, сол күнгі көрген нәубетті жан-жақты баяндады. Сөз соңында жастарды жігерлі, ұлт намысын қорғайтын ержүрек адам болуға шақырды.  

Шара барысында Шәкәрім университетінің ақындары азаттық күніне арналған өлеңдерін оқып, кештің шырайын кіргізді.