АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АЙМАҚТЫҚ VІІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...» БІЛІМ САЙЫСЫ 25.04.2018 15:35

  DSC_00332018 жылдың 25 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Семей қаласының Білім бөлімі бірлесіп аймақтық VІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Сайысқа қала, қала маңындағы мектеп оқушылары қатысты.

  Білім сайысы Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның құттықтау сөзімен ашылды.

  Сайыстың мақсаты - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын, оның әдеби ортасын жасөспірімдерDSC_0071 арасында терең білуге ынталандыру және насихаттау.

  Сайыс үш айналымнан тұрды:

  Бірінші айналым: «Абай - дана, Абай - дара» тақырыбында ой толғау жазу (сырттай) өткізілді. Екінші айналым: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тест түрінде өткізілді. Үшінші айналым: «Талап қыл артық білуге» билет сұрақтарына жауап беру.

  Жалпы сайысқа 54 жұмыс қабылданып, оның ішінде 45 жұмыс келесі айналымға жолдама алды.

 DSC_0101 Бірінші орынды №15 орта мектеп оқушысы А.Барболсынова, екінші орынды №15 орта мектеп оқушысы А.Турсунканова және №32 орта мектеп оқушысы А.Бақырбаева, үшінші орынды №32 орта мектеп оқушысы Б.Советов, №47 орта мектеп оқушылары А.Алтаева және Т.Шуақ иеленді. Білім сайысында ерекше білімімен көрінген №37 гимназия оқушысы Д.Зияшев арнайы сыйлықпен марапатталды.

  Аймақтық VІІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысының қазылар алқасының құрамында Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева, «Абай» қорының президенті О.Кәріпжанов және Білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина болды.

  Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтар табыс етілді.