name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АЙМАҚТЫҚ VІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...» БІЛІМ САЙЫСЫ 27.04.2017 16:41

  DSC_002327 сәуірде Абайдың мемлекеттік қорық-музейі аймақтық VІІ «Абайды оқы, таңырқа...»  білім сайысын өткізді. Сайысқа қала, қала маңындағы және облыстық мектеп оқушылары қатысты.

  Аймақтық VІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы Абай қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаевның құттықтау сөзімен ашылды.

  Сайыстың мақсаты - қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының мұрасын, оның әдеби ортасын жасөспірімдер арасында терең білугеDSC_0199 ынталандыру және насихаттау.

  Сайыс үш айналымнан тұрды:

  Бірінші айналым: «Абай - дана, Абай - дара» тақырыбында ой толғау жазу (сырттай) өткізілді. Екінші айналым: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тест түрінде өткізілді. Үшінші айналым: «Талап қыл артық білуге» билет сұрақтарына жауап беру.

  Жалпы сайысқа 64 жұмыс қабылданып оның ішінде 35 жұмыс келесі айналымға жолдама алды.

  Бірінші орынды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Семей қаласының физика-математика DSC_0208бағытындағы мектеп оқушысы Г.Ерболатова,  екінші орынды «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Семей қаласының физика-математика бағытындағы мектеп оқушысы Серікқызы А. және №42 орта мектеп оқушысы Т.Кәмілжанов, үшінші орынды №19 орта мектеп оқушысы Т.Бақытбеков, №1 мектеп оқушысы Ф.Гамзаева және Знаменка мектебінің оқушысы А.Амиргалиева  иеленді.

  Аймақтық VІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысының қазыларDSC_0215 алқасының құрамында Абай қорық-мұражайы директорының орынбасары М.Қайрамбаева, ҚазИГЗУ оқытушысы, ф.ғ.к. Ш.Доскееева және қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің бірлестік жетекшісі Ш.Ахметжанова болды.

  Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.