АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АЯГӨЗ МЕКТЕБІНДЕ ӨТКЕН СЕМИНАР 06.11.2018 15:50

 111 Ұлы Абай, Шәкәрімнің шығармашылық мұрасы - халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазына. Осы мақсатта 2018 жылдың 30 қазан күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Аягөз қаласында «Абай Құнанбайұлы мен Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын мектеп бағдарламасында оқыту» тақырыбы бойынша ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды. 
  Семинарға қатысушыларға Ш.Құдайбердіұлының 160 жылд112ығына орай дайындалған «ӘРҚАШАН ҰМТЫЛМАСҚА» жылжымалы көрмесі таныстырылды.
  Шара барысында Абай мемлекеттік қорық-музейінің директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.С.Қайрамбаева «Ұлылар мұрасын насихаттау», Семей қаласының Т.Аманов  атындағы №16 мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, «Абайтану» оқулығының авторы Г.А.Құнафина «Абайды оқы, таңырқа»,  Абай мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми-зерттеу және қор бөлімінің меңгерушісі Н.Өмірбекова «Абай ұрпақтары» тақырыптары бойынша баяндамалар жасап, ұстаздармен ой бөлісті.
  Семинар соңын113да Аягөз қаласының Білім бөлімінің әдіскері Б.Жақсыбаева ұйымдастырушыларға өз алғысын білдіріп жас жеткіншектердің бойында шығармашылық кабілеттерін дамыту мақсатында бірлесе жұмыс жүргізу қажет екенін айтып, ұсыныс  білдірді.  Шараға қатысқан  Аягөз ауданының ауылдары және қала мектептерінен қатысқан ұстаздарға сертификат тапсырылды.