name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АСТАНАДА ҚАЙЫМ КӨШЕСІ АШЫЛДЫ 12.01.2018 14:33

  ккБұдан бұрын Елордамыз – Астанада көрнекті абайтанушы ғалым, қоғам қайраткері, ұлағатты ұстаз Қайым Мұхамедхановтың атына көше берілгені туралы қуана хабарлаған едік.

  Бүгін, 12-қаңтарда Қайым аға көшесінде орналасқан іргелі оқу орыны – Технология және бизнес университетінде абайтанушы ғалымғаIMG-20180112-WA0023 арналған көшені ашу салтанаты өтті.

  Шара барысында Қайым ағаның Абайтануға қосқан зор үлесі жан-жақты әңгіме болды.

  Салтанатты шараға қатысқан белгілі қоғам қайраткерлері: жазушы Сұлтан Оразалы, ақын Несіпбек Айтұлы, ғалым Ғарифолла Есім, Абай музейінің директоры Болат Жүнісбеков, Қайым ағаның шәкірті, Ә.Марғұлан атындағы мектептің директоры Ербол Ислам және басқаларға ғалым аға атындағы қордың жетекшісі Дина Қайымқызы «Қайым Мұхамедханов» төсбелгісін табыстады.

  Абай шаңырағының ұжымы үшін ақын музейін ұйымдастырушылардың әрі оның алғашқы директорларының бірі - Қайым Мұxамедxанов есімі ерекше қымбат. Биыл ғалым өмірі мен шығармашылығына арнап музейден Абайтану бөлімін ашу көзделіп отыр.

  Музей достарын Қайым аға атындағы көшенің ашылуымен құттықтаймыз!