name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Интернационал көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АСТАНА – ТҮРІК ДҮНИЕСІНІҢ ҰЛЫ ТӨРІ» КІТАП КӨРМЕС 05.07.2017 14:36

  IMG-20170710-WA0006Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 6 шілде – Астана күніне орай «Астана – Түрік дүниесінің ұлы төрі»атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

   Астана Қазақстанның XXI ғасырдағы бас қаласына айналды. Елордадағы айналасына шапағын шашып, еңселі тұлғасымен асқақтап тұрған «Бәйтерек» тәуелсіз Қазақстанның мерейін арттыра түседі. Әсем келбетімен қоса, Астана 1999 жылы ЮНЕСКО тарапынан берілген «Бейбітшілік қаласы» мәртебесін иеленсе, 2000 жылдан бастап астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық ассамблеясының мүшесі болып табылады.

  «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің Астанада ұйымдастырылуы Қазақстанның дамыған мемлекеттер дәрежесіне көтерілу жолындағы маңызды қадамдарының бірі.

  Астана жайлы көптеген кітаптар жазылды. Солардың бірі Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» еңбегі. Көрмеге осы еңбек бастатқан Елбасының басқа да еңбектері, екі тілдегі «Менің елім – Қазақстан» атты балаларға арналған танымдық энциклопедиялар, «Көркемсуретті Қазақстан тарихы» энциклопедиясы, Астананың мәдени жетістіктерінен мағлұмат беретін «Мәдени мұра», «Мәдениет» журналдары қойылды.

  Кітап көрмесімен семейліктер, қала қонақтары, оқушылар танысты.