АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АРЫСТЫҚ ОҚУШЫЛАР АБАЙ МУЗЕЙІМЕН ТАНЫСТЫ 16.07.2019 16:12

67359569_662626140878489_3686288477885825024_n  Семей қаласындағы «Қарағайлы» санаториінде демалушы Арыс қаласының балалары Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің көрме залдарымен танысты.
  Арыстан Семей қаласына демалу үшін арнайы келген оқушылар Абай музейінде 66788798_662626284211808_1330819050007166976_n орналасқан «Абай дәуірі», «Абай және Семей», «Рух үндестігі. Талант үндестігі», «Жаз», «Үш қайнар», «Абайдың ән-күй мұрасы», «Абай жолы», «Абайтану» сияқты экспозиция залдарымен танысып Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты мағлұматтарға қанықты.
67085115_662626357545134_4797300859849408512_n  Экскурсия барысында арыстық жас қонақтар алған әсерлерімен бөлісіп Абай өлеңдерінен үзінділер оқыды. Алдағы уақытта Арыс қаласынан келген жасөспірімдер мен балаларды Жидебай жеріне апарып ұлылар рухына тағзым ету жоспарланып отыр.