АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АЛТЫН АЛТАЙ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 12.02.2020 16:00

84299590_822882464852855_423343944135344128_n    Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен «Берел» мемлекеттік86350840_822882531519515_7024422397042229248_n тарихи-мәдени қорық-музейінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай «Алтын Алтай» көрмесі ашылды.
   Көрменің ашылу салтанатына Семей қаласының зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер мекемелерінің қызметкерлері, студенттер қатысты. 84175758_822882641519504_4515225554084954112_n Шара барысында концерттік бағдарлама ұйымдастырылды, сондай-ақ Абай музейінің директордың ғылыми жұмыстары 85121025_822882571519511_5099035759936012288_n бойынша орынбасары М.Қайрамбаева және «Берел» қорық-музейінің директорының міндетін атқарушы А.Сарбасов сөз сөйлеп, аталмыш көрме жайында мағлұмат берді. 
   Көрме аясында Берел жылқысының ат-әбзелінің 86261205_822882404852861_6678104499472564224_n (1) көшірмесі, Берел қорық-музейінің соңғы үш жылда Шығыс Қазақстан облысында жүргізген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған заттар, 2019 жылғы қазба жұмыстары кезінде 86180371_822882711519497_1352665452697878528_n табылған алтын заттар және Берелдегі б.з.д. II-I ғасыр кезеңімен белгіленген қорғаннан табылған сүйектен ойылып жасалған, бір-біріне қарама-қарсы қойылып бейнеленген бұғы-грифон ат әбзелінің әшекей бұйымдары, ер және әйел адамның бас сүйегі негізінде жасалған антропологиялық реконструкция, зооморфты сабы бар қола айна, әйел адамның әшекей бұйымдары және тағы басқа құнды жәдігерлер көрермендер назарына ұсынылды.