АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АЛАШТЫҢ АЗАП ТАРТҚАН АРУЛАРЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ 11.05.2017 12:54

  DSC_0009Абай қорық-мұражайында 11 мамыр күні саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражайы ұйымдастырған «Алаштың азап тартқан арулары» атты көрмесі ашылды.

  Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының  «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешені ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен 2007 жылғы 31 мамырда ашылған. Мұражай Қарлагтың, кейіннен «Отанын сатқандар» әйелдерінің Ақмола лагері (АЛЖИР) деп аталып кеткен бөлімшесінің немесе бұрынғы еңбекпенDSC_0056 түзеу лагерінің  26-нүктесінің орнында орналасқан.  Дәл осы жерде 1937-ші жылы халық жауларының жұбайлары үшін арнайы  лагерь ашылған болатын.

  1937 жылы 15 тамызда  КСРО Ішкі істер халық комиссариатының № 00486 бұйрығы бойынша  «Отанын сатқандардың» отбасыларына қарсы  жаппай қуғын-сүргін басталды. Осы құжаттың күшімен саяси жағынан қауіпті деп жазықсыз әйелдерді  тұтқындауға және оларды лагерьге жөнелтуге  бұйрық  берілді. Аз уақыттың ішінде «отанын сатқандар» әйелдерін тұтқындап, оларды тез арада  5-8 жылға дейін мерзімін өтеу үшін Еңбекпен түзету лагеріне жөнелтті.

  DSC_0072Экспозицияда «АЛЖИР» лагерінің тұтқын-әйелдерінің фотосуреттері, архивтік документтері, жеке заттары қойылған. Негізінен тұтқындалғандар одаққа танымал саяси және қоғам қайраткерлерінің әйелдері: Әзиза Рысқұлова, оның анасы Арифа Есенғұлова, Дәмеш Жүргенова, Рабиға Асфандиярова, әнші Лидия Русланова, жазушы Галина Серебрякова,  атылып кеткен маршал Тухачевскийдің отбасының әйелдері, жазушы Борис Пильняковтың әйелі Кира Андронникошвили, Юрий Трифоновтың әйеліDSC_0094 Евгения Лурье, Булат Окуджава мен Майя Плисецкаяның да аналары болды.

  Көрменің салтанатты ашылуы мұражай директорының орынбасары М.Қайрамбаеваның алғы сөзімен басталып, саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының «АЛЖИР» мемориалды-мұражайының қызметкері Хасенова Анардың құттықтау сөзімен, экспозициямен таныстыруымен жалғасын тапты.

  Шара барысында мектеп оқушылары «Алаш» тақырыбында өз арнауларын оқыды. Ә.Қашаубаев атындағы филармонияның әншісі Б.Омаров Ғ.Мұстафиннің «Жас қазақ» әнін орындады.

  Көрмеге қаламыздың зиялы қауым өкілдері, студенттер мен мектеп оқушылары қатысты.