name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

АЛАШОРДАҒА АРНАЛҒАН ҚҰНДЫ ШЫҒАРЫЛЫМ 13.04.2017 16:44

   003«Абай» журналының арнаулы нөмірі былтыр Абай туралы естеліктерге байланысты басып шығарылған еді. Ал енді оның биылғы осындай екі нөмірі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің тапсырысы бойынша - «Алаш» партиясы, Алашорда үкіметінің 100 жылдығы мен М. Әуезовтің 120 жылдығына арналып, соның алғашқысы бүгін оқырман қолына тиіп отыр.

  Алаш қозғалысы тарихынан сыр шертетін арнаулы нөмірден жазушы, Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры Болат Жүнісбековтың «Алаш десе, Абай деп қарайды адам», белгілі алаштанушы ғалымдар Дихан Қамзабекұлының «Рухани серпілудегі қайраткерлер ұстанымы», Мұхтарбек Каримовтың «Отыншы Әлжанов» атты әдеби-ғылыми мақалалары мен халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаттары Ғалым Жайлыбай, Қасымхан Бегманов, Әділғазы Қайырбеков, Маралтай Райымбекұлы сынды дарынды ақындардың өлеңдер топтамасын оқуға болады.

  Сондай-ақ мұнда мұражай қызметкерлерінің арнайы ғылыми қорлар мен Ресейдің көршілес Омбы, Томск қалаларындағы архив мекемелерінен алынған құжаттарға негізделіп жазылған материалдарынан басқа, Алашорда үкіметінің қызметіне байланысты іс қағаздар, фотосуреттер жинақталып берілген.

  Абай арманын басты мұрат етіп ұстанып,  Алаш автономиясын құру жолында құрбандыққа ұшыраған ұлт зиялыларының өмірі мен қызметін, жалпы Алаш қаласы тарихы мен кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің әдеби бай мұрасын бүгінгі жас ұрпаққа насихаттау тұрғысынан алып қарағанда, «Абай» журналының бұл екі арнаулы шығарылымы ерекше құнды болып есептеледі.