АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АХАТ ШӘКӘРІМҰЛЫ – АЛАШ БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ 25.09.2018 12:19

  WhatsApp Image 2018-09-24 at 16.06.27Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Қазақстанда аты мәшһүр алаштың азаматтары білім алған киелі оқу орны М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледждің 115 жылдық мерейтойына өз үлесін қосты.

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжбен байланысы тарихқа алдын алWhatsApp Image 2018-09-24 at 16.06.29а жазылып қойғандай. 1903 жылы 23 қыркүйекте Семей мұғалімдер семинариясы болып құрылған алғашқы оқу орнында Абай Құнанбайұлының мұрасын зерттеп, 1914 жылы ақынның қайтыс болғанына 10 жыл толуына орай кеш ұйымдастырып, алғышқылардың бірі болып баяндама жасаған ұстаз Н.Құлжанова еді. Осы семинарияда білім алып, ұлы ақын мұрасын зерттеп, 1933 шығармалар жинағын  шығарып, ақынның өмірі мен шығармашылығы жөнінде тарихи-көркем шығарма жазған, Қазақстандағы алғашқы Абайдың әдеби-мемориалдық музейінің негізін қаWhatsApp Image 2018-09-24 at 16.06.31лаған – М.Әуезов оқыған. Аталмыш оқу орнында қазақтың әдебиеті мен мәдениеті, ғылымның негізін қалаушы әдебиетшілер мен қоғам қайраткерлері, зерттеуші ғалымдар: Ә.Марғұлан, Ж.Аймауытов, Т.Жомартбаев, абайтанушы М.Бөжеев, Ахат Шәкәрімұлы, Абайдың шөбересі, зерттеуші-ғалым Б.Ақылбаевтар, т.б. білім алған киелі орда.

  Абай музейі мен М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің арасындағы сабақтастық бүгін де  жалғысын тауып келеді. Соның айғағы, 2016 жылы М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің арасында өзара шығармашылық байланыс жөніндегі меморандум жасалды. Колледж студенттері музей тарапынан өткізілетін конференциялар мен «Абай, Шәкәрім оқулары», семинарларға қатысып жүлделі орындар алып жүр. Бұл педагогикалық колледждің студенттеге берген білімін айғақтай түседі. Оқу орнының 115 жылдық мерейтойына орай «Абай музейінің хабаршысы» республикалық танымдық журналының бір саны осы оқу ордасына арналды. Абай музейі педагогикалық колледжге тақырыптық жылжымалы көрмелерімен жиі барып тұрады. 

  Мерейтойға музей тарапынан Алаштың білім ордасында білім алған Ахат Шәкәрімұлына арналған көрме қойылды. Әке аманатын жеткізіп, мұрасын сақтап, насихаттаушы А.Құдайбердиев өз қолымен жазған жеке бас парағындағы өмірбаянында 1922 жылы педтехникумға түскені туралы жазған.

  Ахат Шәкәрімұлы «Өмірбаяным» деген қолжазбасында: «Мен жасымда зорлық, зомбылық, жуандықты жек көрдім...Техникумда оқып жүрген кездерімде қадірлі ұстаздарымның дәуір туралы, болашақ тұрмыс туралы айтқан өсиеттері, берген кеңестері – менің болашақ бетімді түзеп, жолға салды» - дейді.  Кәсіби біліммен қоса тамырлы тәрбие беріп келе жатқан білім ордасының Ахат Шәкәрімұлы өміріндегі алған орны ерекше болғанын көруге болады.

  Көрмеге Ахат Шәкәрімұлының өзі жазып кеткен өмірбаяны, 1915-1923, 1922-1923 жылдардағы өлеңдерінің қолжазбасы, жеке құжаттары мен орден мен медальдары, фотосуреті қойылды. Көрмені М.О.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінің 115 жылдық мерейтойына келген қонақтар мен зиялы қауым өкілдері тамашалады.