АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП...» КІТАП КӨРМЕСІ 04.05.2017 08:23

  IMG-20170503-WA0009Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды.

  Қазақстанның басты ерекшеліктерінің бірі – полиэтникалық мемлекет. Қазіргі уақытта республикада 130-дан астам ұлт және ұлыс өкілдері өмір сүруде. Қазақстан көпұлтты құрамына қарамастан бейбітшілік пен келісімнің мекеніне айналып, әлем мемлекеттеріне ұлтаралық келісімнің өзіндік  үлгісін ұсынып отыр. Бірлік пен келісімнің жалпықазақстандық үлгісін қалыптастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) атқаратын рөлі жоғары.

  Көрмеге қазақ жеріне басқа халық өкілдерінің қоныс аударуы және олардың қасіретті тағдыры жайында мағлұмат беретін В.Тимошинов, Н.Зенькович, П.Якименко және басқа да авторлардың еңбектері қойылды. Көрме мазмұнын Қазақстан халқы Ассамблеясы сессияларының баяндама жинақтары, республикалық «Достық-Дружба», «Мәдениет», «Ақиқат» журналдары толықтыра түсті.

  Тәуелсіз Қазақстан халқының бірлігін насихаттауға бағытталған көрмемен музейге келушілер, мектеп оқушылары танысты.