АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП» Абай музейінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған шара өтті 28.04.2018 09:08

  DSC_0137Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының 1 жылдық кезеңіне арналған «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» атты іс-шара Ел бірлігіне арналды. 27 сәуірде Абай музейі алаңында бастау алған мерекеге жергілікті этно-мәдени орталықтар белсене атсалысты. 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңындағы бұл шараны Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музейі мен қалалық Достық үйі бірлесіп жүзеге  асырды.

  Нысанадағы мақсат – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалықDSC_0033 мақаласының 1 жылдық кезеңін лайықты мерекелеу. Мемлекет басшысының аталмыш бағдарламалық мақаласы елімізге үлкен рухани серпіліс сыйлап, тарихи тамырымызды, ұлтық санамызды жаңғыртуға ықпал етті.   

  Бұл ауқымды шара Абай шаңырағы мен Достық үйінің тізе қосып, ынтымақтаса білуі нәтижесінде жарасым тапты. Бірнеше ұлттың басын бір шаңырақта айрандай ұйытып отырған Семей қалалық Достық үйі Абай музейімен алдағы уақытта да талай игі бастамаларды жүзеге асыруды көздеп отыр. Екі шаңырақты ортақтастыратын мақсаттың басында DSC_0025«Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген  ұлы Абай өсиеті тұратыны анық.

  Мерекелік жиынның ашылу рәсімінде Семей қалалық Достық үйінің директоры Берік Көпбаев пен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музейінің директоры Болат Жүнісбеков сөз сөйлеп Қазақстан халқының достығы, ұлтаралық татулық  мемлекетіміздің өркендеуіне зор ықпал етіп отырғандығын жеткізді.

  Мерекенің ажарын ашып, сәнін кіргізуде жергілікті ұлттық орталықтар мен мәдени мекемелер ерекше орынDSC_0222 алды. Рухани жаңғыру бағдарламасында белгіленген бағыттар мен нұсқаулар мәдени мекемелердің, ұлттық орталықтар мен өнерпаз тұлғалардың жұмыстарынан нақты көрініс тапты. Соның жарқын мысалы – Семей орыс әлеуметтік мәдени орталығы,  «Возрождение» Шығыс Қазақстан облыстық неміс қоғамдық бірлестігі,   «Шығыс Қазақстан облысының «татар қоғамдық орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Айша бибі» қазақ ұлттық мәдени орталығы әкелген көрмелер мен ән тартулары болды.

  DSC_0113Ресми ашылудан кейін жол алған коцерттік бағдарлама да әдемі жалғасын тапты. Концерттік нөмірлердің шымылдығы Абай шаңырағының музыкалық тартуымен басталып, музей қызметкері, талантты жас әнші Мейіржан  Нұрланов «Туған жер»  әнін тамылжыта шырқады. Одан кейінгі сәтте жоғарыда аты аталған этно-мәдени орталықтардың ұжымдары кезегімен сахнаға шығып, өз бірлестіктерінің Рухани жаңғыруға қосып жатқан үлестері жайында айта келіп, тілектерін әсем әндермен жалғастырды.

  Бұл мерекелік шараға этно-мәдени орталықтардан бөлек мәдени мекемелер мен жекелеген өнер адамдары даDSC_0208 белсене атсалысты. Атап айтқанда, Абай атындағы кітапхана «Астнана – 20» тақырыбына кітап көрмесін әкелсе, белгілі шеберлер Абылайхан Асылхан мен Сәкен Назархан өз қолөнер бұйымдарын таныстырды. Сонымен бірге, алаңда келушілер тоғызқұмалақ пен  алтыбақан ойынына қызыға араласты.

  Сөйтіп, Абай музейі алаңына жиналған қауым Рухани жаңғыру бағыты елдігімізді нығайтуға үлкен әсер еткеніне куә болды. Абай шаңырағы мен Достық үйінің «Адамзаттың бәрін сүй бауырым  деп» басталған бастамасына белсенділік танытқан ұлттық орталықтар мен мәдени мекемелер ұжымдары, жекелеген өнер тұлғалар Алғыс хаттармен марапатталды.