АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙ МУЗЕЙІ: «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП...» КӨРМЕСІ «ҚАЗАҚСТАН» КОНЦЕРТ ЗАЛЫНДА 17.04.2018 11:08

IMG-20180416-WA0009 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-  мемориалдық қорық-музейі Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залына «АДАМЗАТТЫҢ БӘРІН СҮЙ БАУЫРЫМ ДЕП» атты жылжымалы  көрмесін қойды.

  Көрме «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп», «Білімдіден шыққан сөз», «Өлең   сөздің патшасы - сөз сарасы», «Абай – терең теңіз, алып мұхит», «Бұрынғы жақсылардан өрнек қалған», «Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар», «Замандардан асқан заңғар» бөлімдерінен тұрады.IMG-20180416-WA0007

  Көрме ақынның дәуірін көрсетіп, Мәскеудің, Омбының мемлекеттік мұрағаттарынан  табылған құжаттар, архивтік материалдар, фотосуреттер Абайдың қоғамдық  қызметімен жан-жақты таныстырады.

Ақынның аяулы әжесі Зеренің, әкесі Құнанбайдың, анасы Ұлжанның бейнелері Е.Сидоркиннің гравюраларының репродукциялары арқылы ұсынылды және Ә.Қастеев, М.Кенбаев, В.Третьяков, т.б. суретшілердің жұмыстарын, ақынның фотосуретін  осы көрмеден көруге болады. Ақын өлеңдері мен қара сөздері, аудармалары, ақындық айналасы, сазгерлігі туралы да мағлұмат берілген.