name

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

«АДАМЗАТТЫҢ АБАЙЫ» КӨРМЕСІ – Қ.ЖҰБАНОВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 02.11.2017 13:41

 DSC_3052Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Салтанатты шара аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі «Адамзаттың Абайы» көрмесін ұйымдастырды.DSC_3033

Көрменің мақсаты – ғаламдық тұлға Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, ақынның қолы тиген құнды жәдігерлермен таныстыру, білім ордасымен мәдени байланыс орнату болып табылады.

 zXErgLLOcE4«Абайтану» ғылыми-зерттеу орталығының ашылуына Абай музейі өз үлесін қосты. Атап айтсақ, орталыққа музей қорындағы құнды материалдар, деректер, фотосуреттер, естеліктер көшірмелері, әр жылдары шыққан «Абай» журналдары, музейдің баспа өнімдері тапсырылған болатын.

Шараны университет ректоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Ердембеков құттықтау сөзімен ашты.zXse5KomoUk

Адамзатты сүюге шақырған ақын жырлары, қара сөздері және оның тұтынған заттары қай заманда да маңыздылығын жоғалтқан емес. Ұстаздар мен оқытушылар көненің көзі болған жәдігерлерге қызығышулық танытып, тарихынан хабардар болды.

Танымдық кешке жоғарғы оқу орнының профессор-оқытушылары, зиялы қауым өкілдері, БАҚ мамандары, студенттер мен магистранттар қатысты.

Соңында, университет басшысы Б.Ердембеков Абай музейінен келген ғылыми қызметкерлерге алғыс білдірді.