АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙТАНУШЫ, ҒАЛЫМ ҚАЙЫМ МҰХАМЕДХАНОВҚА АРНАЛҒАН КӨРМЕ АШЫЛДЫ 04.01.2018 15:23

DSC_0078Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде абайтанушы, ғалым Қайым Мұхамедхановтың өмір жолы мен шығармашылығы жайында кеңінен мағлұмат алуға болатын арнайы көрме ашылды. Көрме абайтанушы ғалым, шәкәрімтанудың негізін қалаушы, текстолог, Абай музейінің алғашқы директорларының бірі – Қайым Мұхамедхановтың дүниеге келген 5 қаңтар күніне орай ұйымдастырылды.DSC_0105

Мұнда абайтанушы ғалымға қатысты кейінгі жылдарда жарық көрген мерейтойлық кітаптар мен әдебиеттанушылардың ғылыми-зерттеу еңбектері, мақалалары, ғалымның 10 томдық шығармалар жинағы шоғырланған. Көрмеде орналасқан музыкалық аспаптар, ғалымның ескерткіш бюсті келуші қонақтардың қызығушылығын оятары сөзсіз.

DSC_0084Көрермендер Қ.Мұхамедхановқа қатысты тың деректерден бөлек, Абай, М.Әуезов және Алаш қайраткерлері жайлы мәліметтермен таныса алады. Алдағы уақытта Қайым Мұхамедхановқа арналған көрмені кеңейту, ғалымға қатысты тарихи деректерді жинақтау жұмыстары жалғасын тауып, осы бағытта ауқымды жұмыстарды атқару жоспарлануда.