АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

8 (7222) 52-38-52, 52-24-22

ШҚО, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 29

KZ RU EN
« Назад

"АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР" БАСЫЛЫМЫНЫҢ БІР ТОМЫ АБАЙ МУЗЕЙІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕКТЕРІНЕ АРНАЛДЫ 23.04.2018 15:28

  АбайтануӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында филология ғылымдарының докторы, профессор Жаңғара Дәдебаевтың жетекшілігімен дайындалған «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» 35-томдық жинағы жарық көрді.

  Басылымның отыз төртінші томында Абайдың өмірбаянына қосымша деректер, мәліметтермен бірге Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры, жазушы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы бастаған қызметкерлерінің еңбектері, ойлары мен толғаныстары берілді.

  Сонымен бірге, Абай музейінің ұсынуымен кітаптың 34-томына ұлы ақын қарашаңырағын ұзақ жыл басқарған абайтанушы, "Құрмет" орденінің иегері Ибрагимов Төкен Смайылұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Еспенбетов Арап Сләмұлы, абайтанушы ғалым Омаров Асан Қайырбекұлының ғылыми  мақалалары жарияланып отыр.