АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙТАНУ ДӘРІСТЕРІ 04.04.2019 15:30

  DSC_0025 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Семей қаласының Білім бөлімімен бірлесе отырып мектеп ұстаздарына арналған «Абайтану дәрістері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Аталған шараға қала және қала маңындағы мектеп мұғалімдері қатысты.

  Семинар барысында әр түрлі абайтану тақырыбындағы қордаланған мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауап алынып ұстаздар қауымы өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың білім беру бағдарламасын толық игеру мақсатындағы музей мен оқу орындарының жұмыстарын толық үйлестіру, музейдің ғылыми-насихат жұмыстарын білім беру жүйесіне жақындату, музей мен білім беру мекемелерінің DSC_0006 арасындағы шығармашылық ынтымақтастық орнату, білім беру мекемелері ұстаздарымен жұмыс жасау сияқты мәселелер ортаға салынды.

  Абай, Шәкәрім, М.Әуезов және Абайдың ақын шәкірттері, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығын оқыту мен насихаттау бағытындағы Абай музейі мен оқу мекемелерінің бірлескен жобалары талқыланды.

  Шара соңында «Абайтану» оқулығының авторы Г.Құнафина өткізіліп отырған семинардың маңызына тоқталып, мектеп ұстаздары алдағы уақытта ескеру керек жайттарды тілге тиек етті. Семинарға баяндама дайындаған ұстаздарға сертификаттар табысталды.