АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙДЫҢ ТУЫСТЫҚ АЙНАЛАСЫ» ПОРТРЕТТЕР ГАЛЕРЕЯСЫ АШЫЛДЫ 20.06.2018 16:22

  Рисунок1Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейі ұзақ жылдар танымал суретші, Шәкәрім атындағы университеттің профессоры, «Бейнелеу өнері» саласы бойынша арнайы сыйлықтың лауреаты Нұрбұлан Өтепбаевпен шығармашылық байланыста жұмыс атқарып келеді. Суретші Абай және оның туыстық, ақындық-өнер айналасы, Шыңғыстау табиғатын бейнелеген туындыларын ең алғаш 1995 жылы музей қорына тапсырған болатын. 

  Биыл музей қоры Н.Өтепбаевтың Абай, Шәкәрім, Мұхтар және Абайдың балаларын бейнелеген жаңа 10 туындысымен толықты. Бұл туындылары жайында суретші: «Абай бейнесін зерттеп жүргеніме ұзақ уақыт болды. Соның ішінде М.Әуезовтің Абай музейіне тапсырған  1896 жылғы балаларымен және 1903 жылы отбасыменDSC_0013 түскен фотосуреттерін, П.Лобановский салған ақын бейнесін және басқа суретшілердің салған суреттерін зерттедім. Бұл тақырыпты зерттеуде ұстаздық қызметімнің де ықпалы көп болды. ЖОО-да графикадан дәріс бере жүріп адам бетінің анатомиясын зерттеу ақын бейнесін салуға неғұрлым жақынырақ келуіме септігін тигізді. Мұнан өзге Тобықты елінің ақсақалдарының бейнесін зерттедім. Осындай жан-жақты зерттеудің негізінде бір ортақ бейне жасадым. Абайдың балалары және Шәкәрім, Мұхтар бейнелерін салғанда әрқайсысының мінез-құлқын зерттеу арқылы шынайылыққа жақын бейне беруге тырысым. Бұл туындыларымды болашақ ұрпаққа бабаларынан ескерткіш болсын деп салдым», - дейді.

  Суретші болашақта Абайдық ақындық айналасы, яғни шәкірттерінің бейнелерін зерттеп, жаңа туындыларды жасауды жоспарлап отыр.