АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА» КІТАП КӨРМЕСІ 14.08.2019 08:11

69170508_679464392527997_4984745473303642112_n   Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде қазақтың Ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абайды оқы, таңырқа» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
  Көрмеге Абайдың 1909 жылы Санкт-Петербург қаласынан жарық көрген тұңғыш 67911515_679466789194424_463892915060473856_n өлеңдер жинағы, 1922 жылы Қазан, Орынбор қалаларында басылған шығармалар жинағы, 1933, 1945, 1948 жылғы және әр жылдары баспадан шыққан т.б. жинақтары қойылды.
  Абай шығармалары әлем тілдеріне аударылғаны мәлім. Көрмеге кітапхана 68697565_679466915861078_2150519013057232896_n қорындағы ағылшын, қытай, француз, неміс, түрік, моңғол, белорусь тілдеріндегі аудармалары қойылды.
  Сонымен қатар соңғы 2019 жылы жарық көрген М.Әуезовтің «Абай жолы» романы қойылды.
  Көрмеден бөлек музейге келушілердің қызығушылығын арттыру мақсатында «Сіздің кітап көрмесінен алған әсеріңіз», «Осы көрмеге қойылған қай кітапты оқыдыңыз?», «Өзіңіз білетін Абайдың бір шығармасынан үзінді қалдырыңыз?» деген сұрақтар қойылып, арнайы бұрыш дайындалды.
  Көрмені арнайы шақырылған қонақтар тамашалап, алған әсерлерін пікір кітабына қалдырды.