АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

«АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...» БІЛІМ САЙЫСЫ 02.05.2019 14:03

 DSC_0010 2019 жылдың 30 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен қалалық білім бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған аймақтық ІХ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысына Семей қаласы және қала маңындағы мектеп оқушылары қатысты.

  Сайыстың бірінші айналымда қатысушылар «Абай - дана, Абай - дара» DSC_0024 тақырыбында ой толғауларын жеткізсе, екінші айналымда «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез» тест түрінде өткізіліп, үшінші айналымда «Талап қыл артық білуге» тақырыбында билет сұрақтарына жауап берді.

  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының орынбасары М.Қайрамбаева, Семей қаласының тілдердерді оқыту орталығының бас маманы DSC_0043 Ж.Төлеуова  және №7 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі М.Серикбаева сынды аймақтық ІХ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысының қазылар алқасы мүшелерінің шешіміне сәйкес 1 орынды №30 орта мектеп оқушысы А.Құсайын, 2 орынды Бөкенші орта мектеп оқушысы Д.Елубаева жәнеDSC_0047 №15 орта мектеп оқушысы Б.Ахметов, 3 орынды №30 орта мектеп оқушысы Қ.Төлегенова, Жарқын мектебінің оқушысы Э.Омарханова және №15 мектеп оқушысы  А.Турсунқанова иеленді.

  Сайыста білімімен ерекше көзге түскен жеңімпаздар мен талапты шәкірт тәрбиелеген ұстаздар арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.