АБАЙДЫҢ "ЖИДЕБАЙ-БӨРІЛІ"

МЕМЛЕКЕТТІК ТАРИХИ-МӘДЕНИ

ЖӘНЕ ӘДЕБИ-МЕМОРИАЛДЫҚ

ҚОРЫҚ-МУЗЕЙІ

 

 

 

KZ RU EN
« Назад

АБАЙДЫҢ ЗАМАНДАСЫ ӘБЕН ҚАЖЫҒА ҚАТЫСТЫ КӨНЕ ЖӘДІГЕРЛЕР ТАБЫЛДЫ 11.07.2019 16:04

66373102_659414771199626_3934881876468039680_n  Халық ақыны, фольклоршы, сазгер Шәкір ақсақалдың әкесі Әбен қажының пайдаланған заттары табылды. 2019 жылы 14 мамырда Әбен қажының Ақтас 66877090_659414851199618_1887764901141676032_o жайлауынан оның белдігі мен насыбай үгітетін сауыты, 2019 жылы 15 маусымда Меңдекедегі ескі жұрттан мосы, ескі үтік және келі мен келсап табылды.
  Әбен қажы 1854 жылы қыс мезгілінде Шыңғыстау жеріндегі Ақтас жайлауында дүниеге келген. 5 жасында ауыл молдасынан дәріс алып, сауатын ашқан. Арабша, парсыша және орысша хат 66416073_659414807866289_6239040648616345600_n таныған. 13 жасқа келгенде туыстары Әбеннің зерек бала екендігін аңғарып ел басқару ісіне араластырады. 18-19 жасқа келгенде Құндызды мен Архат жерінің би-болысы болып сайланады.66730664_659414741199629_4949781776634478592_n
25 жасында Меккеге барып, «қажы» атанады. Әбен көріпкелдігі, емшілігі, шеберлігімен қоса ұстаханада жұмыс жасаған. Бүгінгі күні Әбен қажының өз қолымен жасаған домбырасы Абай музейінің асыл қорында сақталған.